HoRex Qazaqstan 2021 халықаралық көрмесі: HoReCa индустриясы үшін өсу нүктелері және одан әрі даму бағыты
3-5 қараша аралығында Алматы қаласы, «Атакент» көрме орталығында HoRex Qazaqstan «Барлығы қонақ үйлер, мейрамханалар, супермаркеттер үшін» Орталық Азия халықаралық көрмесінің экспозициясы, клининг және химия индустриясындағы тұрмыстық тәжірибеден бастап кәсіби мамандарға дейінгі жаңа әзірлемелерді ұсынатын Cleanexpo Qazaqstan алаңымен бір мезгілде өз есігін айқара ашады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, біздің елімізде қызмет көрсету саласында 5,6 миллион адам (шағын және орта бизнестің 70%) жұмыспен қамтылған, Алматыда қызмет көрсету саласында халықты жұмыспен қамтудың 74% -ға дейін, елордада - 66% -ға дейін шоғырланған. Сөзсіз, карантин жаңа сын-қатерлер мен одан әрі өсу нүктелерін белгілей отырып, қонақжайлылық индустриясының үрдістері мен жалпы жай-күйін өзгертті. HoRex Qazaqstan 2021 көрмесі тәжірибе алмасу, индустрияның қазіргі жағдайын талқылау және оның одан әрі даму жолын анықтау үшін сала өкілдерінің орталықтандырылған кездесу орнына айналады.
HoRex Qazaqstan 2021 көрмесі қонақ үйлер, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, супермаркеттер мен сауда орталықтарына арналған өнімдер мен жабдықтарды жеткізушілер үшін және осы санаттағы тауарлар мен қызметтерді соңғы сатып алушылар үшін тиімді алаң екенін көрсетті. 2021 жылы HoRex Qazaqstan 2021 және CleanExpo Qazaqstan көрмелеріне әлемнің 6 елінен (Беларусь, Германия, Қазақстан, Литва, Ресей Федерациясы және Түркия) 13 ірі салалық компания қатысуда.
Толыққанды іскерлік бағдарлама экспозицияның интерактивті бөлігінің негізіне айналады. Көрме аясында Horex Business & Coffee Forum өтеді. Horex Business & Coffee Forum оқыту бағдарламасын, сала проблемалары мен олардың тиімді шешу тәсілдері тақырыбындағы В2В пікірталастарды, Қазақстандағы HoReCa-ның үздік жобаларын таныстыруды, 19 спикерден бизнес жүргізу бойынша практикалық кейстерді қамтиды.
Үш күн ішінде өз білімдерімен бөлісетін болады:
- HoReCa саласындағы сарапшы, brand ower Probarista Найля Калтаева,
- сервисті стандарттау сарапшысы Жанна Прашкевич,
- Lanzhou мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гульбану Майгарина,
- маркетолог, FOODHACKING 2021 конференциясының ұйымдастырушысы, Ресейдің Шеф-аспазшылар және Нутрициологтар қауымдастығының маркетинг мәселелері жөніндегі маманы Юлия Кожанова,
- бизнес-жаттықтырушы, қаржылық сауаттылық жөніндегі бағдарлама мен тренингтердің авторы Бота Жуманова және басқалар.
Көрме жұмысының екінші күні, 4 қарашада HoRex & CleanExpo көрмелерінің іскерлік алаңында BUZIL компаниясы «Клинингтің HoReCa сегментіндегі технологиялық аспектілері» тақырыбымен сөз сөйлейді. Семинар практикалық кейстер мен лайфхактардан тұрады және тазалық индустриясының барлық өкілдерінің қызығушылығын тудырады.
Іскерлік бағдарламаны 5 қарашада Қазақстандық қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығынан (ҚҚҮжМҚ) семинарлар сериясы аяқтайды:
- Орналастыру құралдарын тұрақты басқару.
- Отельде цифрландыру мен Смарт туризмді шығынсыз және бағдарламалауды білместен қалай салу керек.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы. Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстандық «ҚҚҮжМҚ» қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.
Форум бағдарламасымен, спикерлермен және сессия кестесімен толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыз.: https://horexexpo.kz/ru/vystavka/forum-dlya-restoratorov-i-otelerov