ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ HoReCa ИНДУСТРИЯСЫ: ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ РЕЖИМІ.
11 қараша күні алғаш рет онлайн-хабар тарату форматында HoReCa кәсіпқойлары үшін ірі салалық форум өтті, оның барысында жанды диалог форматында Қазақстан, Ресей және Украинаның салалық сарапшылары аудиториямен барлығы үшін жаңа жағдайдағы тиімді жұмыс құру бойынша практикалық кейстермен бөлісті, сондай-ақ мейрамханалар, қонақ үйлер мен сауда желілері үшін соңғы трендтер мен одан әрі даму мүмкіндіктерін талқылады. HorexForum 2020 өзін нетворкинг үшін сапалы алаң және отандық және шетелдік тәжірибенің мысалдарында нарықтағы ағымдағы жағдайды талқылау алаңы ретінде көрсете алды.
Онлайн-форумның бағдарламасы бірқатар тақырыптық шеберлік-сабақтары мен коуч-сессияларды, практикалық кейстер мен жұмыс инсайттарын, аудиториямен «сұрақ-жауап» форматындағы диалогты және АҚБС-пен бірлесіп ұйымдастырылған кейтеринг бойынша дөңгелек үстелді қамтыды. Сіздің қызметіңіз жүргізіліп жатқан қонақжайлылық индустриясының сегментіне қарамастан, тәжірибелі маркетолог және бренд-кеңесші Юлия Кожанова және мейрамхана кеңесшісі және бизнес-жаттықтырушы Наталья Кулакова дағдарысқа қарсы маркетингтік құралдарды қолдану және аудит жүргізу стандарттары, шығындарды оңтайландыру және бизнес процестерді құру туралы әмбебап білімдерімен бөлісті. Киевтен арнайы шақырылған спикер Екатерина Терещенко бюджеттің өзгеруін ескере отырып, мейрамханалардың дизайны мен интерьеріне тиімді шешімдер ұсынды. Екатерина қалаған интерьерді жүзеге асыру үшін бюджетті қалай үнемдеуге болатындығын және дизайн тұжырымдамасын қалыптастыру кезінде қандай факторларды ескеру керектігін айтты. Нақты қолданыстағы жоба мысалында кесімді еңбекақы төлеуді енгізу жөніндегі практикалық кейс аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Осы тақырыппен «Ресттим» компаниясының бас директоры Кислов Алексей жемісті сөз сөйледі.
Отандық спикерлер шектеулерді ескере отырып, бизнесті жүргізу тәжірибелерімен бөлісті, кәсіби бартендерлер қауымдастығының негізін қалаушы Дмитрий Королев барлардың жұмысы туралы айтып, коктейльдер дайындау бойынша шағын шеберлік-сабағын өткізді. Manga Sushi және Rocket Japan компанияларының бірлескен иесі Бас Тарас өзінің нақты тәжірибесі мен азық-түлік жеткізу жүйесін құрудағы кездесетін мәселелер туралы айтты. Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің өкілдері саналатын қатысушылар арасында бизнесті жүргізу ерекшеліктері мен мемлекеттік реттеуді ескере отырып, әртүрлі елдердің мысалында қонақжайлылық индустриясындағы жаңа уақыттың трендтері туралы білу аса қызықты болды.
Арнайы қонақ үйлер иелері үшін Ресейдегі алғашқы тәуелсіз қонақ үйлер форумының ұйымдастырушысы, қонақ үйлердің топ-менеджментіне арналған тренингтер курсының авторы Алексей Воловтың қатысуымен сессия ұйымдастырылды. Алексей бүгінде бизнес шығындарын қалай азайтуға, шығындарды инвестицияға айналдыру және бизнестің табыстылығын арттыру туралы ақпаратпен бөлісті.
Форум соңында жетекші ресейлік кейтеринг сарапшысы Кирилл Погодин аудиторияны кейтерингті одан әрі дамытудың соңғы трендтерімен және перспективаларымен таныстырды. Кирилл кейінірек «Саланың өңірлік мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында индустрияның өзекті мәселелері, саладағы өзгерістер және өсу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.
HorexForum 2020 HoReCa индустриясы мамандары үшін кеңес беру және оқыту алаңы ғана емес, сонымен қатар жылдан жылға қонақжайлылық индустриясын алға жылжытатушы адамдардың кездесу орны болды. Тың идеялар пайда болып, шешімдер қабылданатын және саланың жарқын болашағына үлкен үмітпен қарап, тәжірибе алмасатын орынға айналды.
Онлайн-форумның ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болды.
Біз форум спикерлері мен тыңдаушыларына индустрия мәселелеріне белсенді қатысқандары және назар аударғандары үшін ризашылық білдіреміз! Енді жаңа 2021 жылы біздің жыл сайынғы көрме мен Форумда оффлайн түрде өнімді кездесу өткізіп, Horex Qazaqstan 2021 алаңында өзекті және пайдалы салалық ақпарат алуды асыға күтеміз!
Барлық спикерлердің сөз сөйлеулері бар Нorexforum 2020 онлайн-форумының жазбасын төмендегі сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://horexexpo.kz/online-forum/