HOREX QAZAQSTAN ЖӘНЕ CLEANEXPO QAZAQSTAN 2026: ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 11-13 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫ, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ, БӨЛШЕК САУДА ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ АЛАҢ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН HOREX QAZAQSTAN ЖӘНЕ CLEANEXPO QAZAQSTAN 21-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕЛЕРІ ӨТПЕК.
Компаниялар экспонент ретінде қатысуға өтінім беріп, өз өнімдерін ілгерілету, іскерлік байланыстарды нығайту және нарықтағы қатысу аясын кеңейту үшін кең мүмкіндіктерді пайдалана алады.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы HoRex Qazaqstan қонақүй және мейрамхана бизнесі үшін жетекші салалық оқиға болып келеді. Ол қонақүйлерге, мейрамханаларға, кафелерге, барларға, кейтеринг компанияларына және бөлшек сауда нысандарына арналған жабдық, технология, тауар мен қызмет өндірушілерін, жеткізушілерін және дистрибьюторларын біріктіреді. Онымен қатар кәсіби тазалау, санитария, гигиена, химиялық тазалау және кір жуу салаларындағы заманауи шешімдерге арналған CleanExpo Qazaqstan мамандандырылған көрмесі өтпек. Жыл сайын бұл жобалар инновация ұсыну, жаңа клиент пен серіктес іздеу, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналады.
Көрмелерге қатысу компанияларға өз шешімдерін мақсатты аудиторияға тікелей таныстыруға, әлеуетті тапсырыс берушілермен келіссөз жүргізуге, нарықтың өзекті қажеттерін зерделеуге және кәсіби қауымдастық арасында бренд позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Экспоненттерге бизнес-міндеттерді барынша тиімді шешуге мүмкіндік беретін қатысудың түрлі форматтары қолжетімді. Ұйымдастырушылар стендтерді құрастырудың бірнеше нұсқасын ұсынады: стандартты шешімдерден бастап компания мәртебесін айқындауға және іскерлік қарым-қатынас үшін жайлы кеңістік құруға мүмкіндік беретін премиум форматтарға дейін. Сонымен қатар брендке немесе компанияға деген бейілділікті күшейтуге, оның танымалдылығын арттыруға және қатысушы арасында ерекшеленуге көмектесетін серіктестік пакеттері ұсынылады. Серіктес мәртебесі бизнес тұрақтылығын, компанияның саланы дамытуға инвестиция салуға дайын екенін көрсетеді және клиент пен іскерлік серіктес үшін оның сенімділігін қосымша дәлелдейді.
HoRex Qazaqstan және CleanExpo Qazaqstan көрмелерінің айрықша ерекшеліктерінің бірі – экспоненттерге ақысыз негізде ұсынылатын кешенді маркетинг қолдауы. Қатысушыларды ілгерілету жеке ақылы қызмет болып саналатын көптеген көрме жобаларынан айырмашылығы, ұйымдастырушылар компанияларға көрмелерге дайындық кезеңінің өзінде мақсатты аудиторияның назарын аударуға көмектеседі. Ол үшін жобалардың ресми интернет-ресурстарында жарияланым орналастыру, әлеуметтік желілерде материал жариялау және сала мамандарының бейінді базасы бойынша электрондық тарату құралдары пайдаланылады. Мұндай тәсіл қатысушыларға көрмелер ашылғанға дейін әлеуетті клиенттермен коммуникация бастауға және алаңдағы қатысу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобалардың FoodExpo Qazaqstan және QazPack халықаралық көрмелерімен қатар өткізілуі қатысу сапасының деңгейін қосымша арттырады. Төрт салалық іс-шараның синергиясы HoReCa, бөлшек сауда, тамақ өнеркәсібі, қаптама және сабақтас бағыт салаларының мамандарын біріктіретін бірыңғай іскерлік экожүйені қалыптастырады. Осының арқасында қатысушылар сатып алу, жаңа технология енгізу және бизнесті дамыту бойынша шешім қабылдайтын кәсіби мамандардың әлдеқайда кең аудиториясына қол жеткізеді. Мұндай формат жаңа іскерлік байланыс орнатуға ықпал етіп, салааралық ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндік ашады.
Көрмелердің ажырамас бөлігі дәстүрлі түрде Horex Business Forum алаңының іскерлік бағдарламасы болады. Ол жыл сайын нарықтың жетекші сарапшыларын, бизнес өкілдерін, салалық қауымдастықтарды және кәсіби қоғамдастықты тоғыстыратын тартым орталығына айналады. Форум қонақжайлылық және қызмет саласының өзекті трендтерін, инновациялық шешімдерін және даму перспективаларын талқылауға арналған алаң қызметін атқарады. Қатысушылар нарықтың үздік тәжірибелерімен танысып, өзекті талдамалық ақпарат алып, әріптестерімен және сала көшбасшыларымен тәжірибе алмаса алады.
Ұйымдастырушылар компанияларды кәсіби салалық оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін пайдаланып, 2026 жылғы экспоненттер қатарына бүгіннен бастап қосылуға шақырады.
Іс-шараларды қазақстандық Iteca көрме компаниясы халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.


