HOREX QAZAQSTAN ЖӘНЕ CLEANEXPO QAZAQSTAN 2025: ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИНИНГ ҚЫЗМЕТТЕРІ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ КӨРМЕНІҢ РАСТАЛҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
2025 ЖЫЛДЫҢ 12–14 ҚАРАШАСЫ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА HOREX QAZAQSTAN ЖӘНЕ CLEANEXPO QAZAQSTAN 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕЛЕРІ ӨТЕДІ – БҰЛ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ КЛИНИНГ ҚЫЗМЕТТЕРІ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚ ҮШІН БАСТЫ ІС-ШАРАЛАР.
Үш күн бойы қатысушылар мен келушілер әлемдік соңғы трендтермен танысып, нарықпен тікелей диалог орнатып, өз бизнесін кеңейту мүмкіндігіне ие болады. Көрме экспозициясы мейрамханаларға, қонақ үйлерге, кір жуатын орындар мен клининг компанияларына арналған жабдықтар мен ингредиенттерден бастап, бағдарламалық қамтамасыз ету мен инновациялық технологияларға дейінгі кең ауқымды шешімдерді біріктіреді.
2025 жылғы маусымның расталған экспоненттері – бұл сапа мен инновация стандарттарын белгілейтін саланың флагмандары. Олардың қатарында: Thermoplan Asia – HoReCa сегментіне арналған әлемдік брендтердің жабдықтарын ұсынатын компания; WMF – премиум сапасы мен функционалдығымен танымал неміс автоматты кофемашиналар өндірушісі; BWT water+more – мейрамхана және кафе асүйлеріне арналған заманауи су сүзу жүйелерін көрсетеді.
Кәсіби тазалау техникасы мен клининг саласындағы соңғы әзірлемелерін Kärcher, нарықтағы мойындалған көшбасшы, таныстырады. ECOBER қонақ үйлер мен мейрамханаларға арналған заманауи әрі технологиялық сервистік кеңістіктерді жасауға мүмкіндік беретін кешенді жабдықтарды ұсынады. KROMSAN – кәсіби асүйлер сегментінде сұранысқа ие тот баспайтын болаттан жасалған жиһаз және жабдықтар қатарын ұсынып, отандық өндірістің бәсекеге қабілетті жетістіктерімен таныстырады. SKY GROUP KZ тоңазытқыш, асүй және кір жуу жабдықтарын, сондай-ақ бизнеске арналған толығымен аяқталған жобаларын ұсынады.
RHEA VENDORS стендінде HoReCa және кеңсе сегменттері үшін арналған вендинг автоматтары мен кәсіби кофемашиналар таныстырылады. Сондай-ақ, кофемашиналар мен диспенсерлердің танымал өндірушісі BRAVILOR POLAND өз өнімдерін ұсынады.
АРИСТОКРАТ вендинг, HoReCa және үстелге қойылатын кофемашиналарға арналған ингредиенттердің кең ассортиментін ұсынады. Қатысушылар қатарында – кір жуатын және құрғақ тазалау орындарына арналған кәсіби химияға маманданған SILKROAD KAZAKHSTAN, сондай-ақ тоңазытқыш және асүй жабдықтары саласындағы шешімдерді ұсынатын TORGSTORE бар.
Сала көшбасшыларының қатарында болуға уақыт келді!
HoRex Qazaqstan және CleanExpo Qazaqstan 2025 көрмелерінің қатысушыларына қосылып, өз шешімдеріңізді саланың болашағын анықтайтын кәсіби аудиторияға ұсыныңыз.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.